Текст
2017 жылдың 28-қаңтар күні «Қайнар» БАК-да «Универсиада 2017 қысқы спорт түрлері» тақырыптық сағат өткізілді. Мақсаты: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, қысқы спорт түрлері туралы тәрбиеленушілердің білімдерін кеңейту.Іс-шара еркін түрде өткізілді. Балалар ең алғашқы халықаралық студенттер жарысы қайда өткізілгенін және Бүкіләлемдік Универсиада –жастардың ең әуесқойлық жарыстарының бірі екенін білді.Тәрбиеленушілер түрлі қысқы спорт түрлерімен таныс болды. Әңгімені қорытындлай отыра балалар ортақ шешімге келді:спортпен айналысу жаңа мүмкіндіктерді ашады, ал салауатты өмір салты – бұл әр адамның жеке жетістігі.Педагог соңында барлығына 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылуын сағат 18.55-те көруін ұсынды.