Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас педагог мектебі

01.02.2017

2017 жылдың  25-қаңтар күні «Әулет» МТЖО коференц-залында  «Жас педагог мектебі» атты  семинар өтті. Алғы сөзбен «Әулет» МТЖО директоры Әлжапарова Марал Михайловна қатысты. ЖПМ өткізудің мақсаты: жас мамандармен   тәрбиеленушілердің  психологиялық байланысын  дұрыстау және әдістемелік көмекті ұйымдастыру  арқылы үйірмелердегі  оқу-әдістемелік барысына үйрету.  Екінші болып облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері  Ли Марина Борисовна  қатысты. Тақарыбы: «Қосымша білім беру бағдарламасын жаңарту»  «Педагогтің кәсіби дамуының жеке  жоспары» тақырыбымен әдістемелік бөлім меңгерушісі Қожахметов Данияр Мұратбекұлы қатысты, өзінің сөзінде, әр педагог өзін кәсіби жоғарылатуымен жұмыс жасау керектігін, өзінің педагогикалық қызметіне  оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, жүйелендіріп отыру, және  сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді  қолдану керектігін айтып өтті. Жас педагогтар өздігінен білім алуда тақырыптар таңдаудың ерекшеліктері туралы білді. «Жұлдыз» балалар аулалық клубының жас педагогі Касымова Антонида Николаевна «Тәрбиешілер құрамын көбейтудің  бір тәсілі, тақырыптық іс-шаралар өткізу» тақырыбымен қатысты.

Оқу –тәрбие  жұмыстарын ұйымдастыру бойынша  мастер-кластар өткізгендер:

А.К.Кенжетаева «Құқықбұзушылық дегеніміз не?»;

А.С.Михайлова «Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру»;

Н.А.Горовая «Сергіту сәттерін ұйымдастыру».

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст