Ағымдағы жылдың қаңтар айының 27-сі күні Көкшетау мәдениет сарайында жас жайдарманшлардың өнеріне куә болдық. Биыл мектеп лигасына 10 жыл. Бұл мерейтойды сахнада қарсы алған жайдарманшыла дән риза. Өздерінің игі тілектері мен қағытпа қалжындарын ала келіпті. Маусымашар тосын сыйға толы болды. 10 жыл бұрын жайдарманды бастап, әзілдің шыңына шығып, жайдарман майталмандары атанып үлгерген «Дарын жұлдыздарын» биыл сахнадан көрінді. Жас жайдарманшыларға жігер беріп, өз ақылдарын айтып, көреренге естен кетпес көңіл күй сыйлап кетті. Маусымашарға 11 команда қатысты. Олардың қатарынан біріші рет сахнаға шығып тұрған жас жайдарманшылар да аз емес. Төрт бірдей кубок сараланды. Корытынды төмендегідей:
3 орын иегері: 4 мектеп «Түсінсем бұйырмасын» жайдарман тобы;
2 орын иегері: 14 мектеп «Бір үйдің балалары» жайдарман тобы;
1орын иегері: 6 мектеп «6 континент» жайдарман тобы;
Гран при: 18 орта мектеп «Қазақша стиль» жайдарман тобы.