Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұланымыз ұлы елдің

30.01.2017

«... Жас қазақстандық ұрпаққа ерекше міндеттер  жүктелген»- деп  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымдарының қатарына  қабылдаудың бірінші салтанатты  рәсімінде,оқушыларға өз  батасын берді.

2011 жылдан Көкшетау қаласында «Жас Ұлан» РББЖҰ қатарына 4192 оқушы, соның ішінде 1361 оқушы  «Жас қыран» кіші мектеп жасындағы көшбасшылар.

«Жас Ұлан» РББЖҰ  жұмысын белсендету мақсатында  2017 жылдың 26-қаңтар күні  «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» РББЖҰ

көшбасшыларының  бір-бірімен тәжірибемен алмасулары  бойынша семинар өткізілді.

Семинар бағдарламасына сәйкес  өткізілді: мастер-кластар, тәлімгерлер мен үйлестірушілерге арналған «дөңгелек үстел», «Білімді ел-мәңгі ел»пікірлесу алаңы.

Алғы сөзде көшбасшылар «Жас Ұлан» РББЖҰ-ның негізгі 7 бағыты бойынша  өз ұйымдарының жұмысы туралы  айтып берді.

Бірінші жарты күнде  барлық қатысушылар,топтарға бөлініп, мастер-кластарға  белсене қатысты.

№16 ОМ Ұлан басшысы Терза Дмитрий  командалардың құрылуы туралы және  көшбасшылық   қасиеттерді тиімді дамыту туралы  өз ойымен бөлісті. Мастер-класс соңында  барлық қатысушылар ортақ ой мен шешімге келді.

№21 ОМ оқушысы, Ақмола облысының Ұлан басшысы Жамалиева Назерке «Табысты тимбилдинг» атты мастер-класс өткізді. Назерке «тимбилдинг» терминін түсіндіріп,  қатысушылар топтық тапсырмалар  орындап шықты.

Соңында мынадай шешімге келді- әр қатысушының жауапкершілігі  топтық тапсырманы  тиімді орындауға  себеп болуы.

М.Ғабдуллин атындағы  №3 МГ Ұлан басшысы Рашитов Ермек жобалық менеджмент туралы білімімен бөлісті. Қатысушылар жобаны  табысты жүзеге асырудың негізгі принциптерімен танысты.

Сартаева  Диляфруз  – «Таңдау» №5 КСГ Ұлан басшысы  оқушыларды  «көшбасшы» ұғымымен таныстырды.

Нағыз  көшбасшының коллаж- бейнесін, әр топ «Нағыз көшбасшы-бұл ...»  коллаждарын таныстыру арқылы көрсетті. Әр қатысушы  аудиторияға  «Бақытты адам-бұл...» «Қазіргі жасөспірім мен қоғам»,  «Ең тамаша көшбасшының бейнесі»  атты тақырыптарымен  қатысты.

Сонымен қатар  білім беру  мекемелерінің тәлімгерлері мен үйлестірушілеріне арналған оқушылардың өзін-өзі басқарулары бойынша  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Жұмыс тәжірибесімен №21 ОМ  тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары Амрина Шолпан Аздаровна мен үйлестіруші Дзюбина Марина Евгеньевна бөлісті.

№14 ОМ үйлестірушісі - Даулеталиева Людмила Павловна –оқушылардың өзін-өзі басқарулары  оқушылардың көшбасшылық қасиетінің дамуына  әсер етуін айтып берді.

Қатысушылар  оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының  құрамдық қызметімен, мектеп үшін пайдалы  істер мен олардың оқушыларға пайдасымен  таныс болды.

Анықталғандай  оқушылар үшін қызықты болғандары:мектептегі кештер,дискотекалар, мерекелер, қамқорлық жұмыстар, спорт және спорттық шаралар.

Мектепте  жақсы іске асып жатқан жұмыстар:жоғары сыныптар кеңесі, оқу, спорттық, мәдени бұқаралық, музыкалық орталықтары  және отаншылдық  тәрбие  орталығы.

Адикенова Ризагуль Турлыбековна – №18 ОМ үйлестірушісі. Ризагүл Турлыбековна қатысушыларды  мектептегі өзін-өзі басқарудың әсері мен қоғамдағы тәртіп мәдениетімен таныстырды.

«Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Атамекен»,  «Адал Ұрпақ» балалар бірлестігінің бірлескен қызметін ұйымдастыру педагогикалық мектеп ұжымының  аталған бағыттары арқылы іске асады.

 Семинар жұмысы екінші жарты күнде «Білімді ел- мәңгі ел» пікірлесу алаңымен жалғасты.

 Пікірлесу алаңының қатысушылары: Ақмола облысы бойынша  «Жас Ұлан» РББЖҰ төрағасы- Закиров Мейрамбек Серікұлы, Ақмола облысы бойынша  «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» жастар қанаты  төрайымының орынбасары- Тайтенова Самира

Өмірбайқызы, Қазақстан спортының шебері, каратэ-до бойынша  әлем вице –чимпионы-Ташим Әділ, педагогикалық еңбек ардагері, Қазақ

ССР-нің  еңбегі сіңген ұстазы - Темірбаева Күлаш Хаджанқызы.

«Жас Ұлан» мектеп балалар-жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары: Қанат Әділет-  № 2 ОМЛ, Сартаева Диляфруз -№ 5 «Таңдау» КСГ, Сапарова Жанна -  № 14ОМ, Даулеталиева Азиза - № 17ОМ, Есентай Дана - № 18ОМ, Урбанович Анель -  №2 КОМ, Бекен Аслан - №21ОМ – білім беру ұйымдарындағы  «Жас Ұлан» қызметінің  негізгі 7 бағытын  таныстырды. Атап айтсақ: «Руханият», «Зерде», «Отан», «Экоалем», «Жеті жарғы», «Еңбек», «Салауат».

Пікірлесу алаңының соңында  қатысушылар мен қонақтар «Жас Ұлан» РББЖҰ оқушы-көшбасшыларының  алға қойған  мақсаттарын жүзеге асырудағы  елеулі үлестерін көрсетті.

 

«Тұлға болу – бұл жауапты болу. Ағыммен бірге ақпай, белсенді болу.

«Кәсіпқой болу - бұл  өміріңде айталысқың келетін істі  таңдау»

«Отаншыл болу - бұл  өз Отаныңды шын жүректен жақсы көру.Өзіңе, өз халқыңа  сене білу, қоғамға қызмет ету» Семинар «Жас Ұлан» РББЖҰ көшбасшыларының, балалар қоғамдық ұйымдарының мәртебесін нығайту,мемлекет пен қоғам өміріне балалардың қатысуы бойынша  әлеуметтік ынтасын белсендету  аясында  өткізілді. Семинар қатысушылары оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастырудың маңызды  жолдарын анықтады.

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст