2017 жылдың 22-қаңтар күні «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде Республикалық «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасының аясында, педагогтар - Хасенова Раушан Серікқызы мен Абишева Инара Марулановнаның жетекшілігімен дайындалған «Халықтың өмір бойы сақталуы оның тілі мен мәдениетінде» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Барлық қатысушылар Қазақстан туралы бейнеролик көріп болған соң, тәрбиеленушілер Қазақсан халықтарының мәдениеті мен тілі туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Әділ-қазылар құрамында татар және армян тілдерінің педагогтары, балаларды құттықтап, сөз сөйлеп қатысты. Тәрбиеленушілер «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетті. Ашық сабақ соңында белсене қатысқан оқушыларға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табысталды. Біліміңді жетілдіріп, тілдерді үйрену белсенділікті талап етеді. Өз еліңнің мәдениетін, тілдік саясатын дамыту үшін талмай, шаршамай ,алға ұмтылып,еңбектену керек.