2017 жылдың 12-қаңтар күні «Қайнар» БАК-да «Жаңа жыл- жаңа толқын» ұранымен «Бақыт құсы» атты жыл сайын дәстүрге айналған байқау өтті.
Аталған байқаудың мақсаты:
-өзін-өзі жетілдіруде шығармашылыққа балалар мен жасөспірімдерді қызықтыру;
-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
- көрермендер алдында өздерін ұстай білуге, актерлік шеберліктерін, шешендік қабілеттерін дамыту;
-балалардың дарындылықтарын ашып, мәдени деңгейлерін көтеру.
Аталған байқауға 7-15 жас аралығындағы балалар шақырылды. Номинациялар әр түрлі болды: вокалдық ән айту, би билеу, спорттық көрсетілімдер, акробатика, музыкалық аспаптарда ойнау. Балалар кезекпен өнерлерін көрсетсе, ал ата-аналар қошеметтеп, тамашалап отырды. Біреуі ән айтса, біреуі би билеп, енді біреуі музыкалық аспаптарда ойнап өнерлерімен таң қалдырды. Ата-аналар арасынан әділ-қазылар сайланып, жеңімпаз балаларға сыйлықтар мен орындарын бөліп берді. Барлық 18 қатысушы сыйлықсыз қалмады. Байқау сәтті өтті. Әр баланың қолына бақыт құсы қонсын!