2017 жылдың 12-қаңтар күні Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарындағы жол қозғалысы инспекторы жасағының жетекшілеріне арналған «Балалар жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелеріне назар аудару, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын ескерту» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Ақмола облысы білім басқармасы «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» әдіскері Төлемісова Сәуле Бегалықызы-«Ақмола облысы білім беру ұйымдарында балалар жол-көлік жарақаттарын ескерту бойынша алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында баяндама оқып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Ақмола облысы Ішкі Істер Департаментінің қызметкері Серкина Валентина Васильевна, «Әулет» МТЖО-ның директоры Әлжапарова Марал Михайловна-«ЖҚИ жасақтарының арасындағы қалалық жиынды өткізу бойынша әдістемелік ұсыным» тақырыбында сөз сөйлесе, №21 ОМ ЖҚИ жасағы «2016 жылғы Алматы облысында өткен ЖҚИ жасағының республикалық жиынға қатысқандығы туралы мәлімет берді. Республикалық жиында кездескен қиындықтар мен алған әсерлерін бөлісті. Сонымен қатар, ЖҚИ жетекшілерінің қойған сұрақтарына жауап берді. №5 «Таңдау» КСГ ЖҚИ жасағының жетекшісі Мартынова Наталья Евгеньевна - «№5 Таңдау КСГ» жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу ережесі туралы» өз сөзін жалғастырып, жас жетекшілерге өзінің жұмысын көрсетіп, тәжірибе берді. Сонымен қоса, мектеп ішінде жүргізілген іс-шараларды, балалармен бірігіп түсірген қызықты видео-ролик көрсетіп, ата-аналармен жүргізілген жұмыстарын атап өтті. Сондай-ақ, «Балалар-жол-көлік жарақатының алдын алу» тақырыбында №6 ОМЛ ЖҚИ жасағының жетекшісі - Лаврикова Галина Васильевна және ГТЛ ЖҚИ жасағының жетекшісі - Осипова Алла Анатольевна «Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен ережесі» тақырыбында №21 ОМ ЖҚИ жасағымен бірге мастер-класс өткізді. Кейін Ақмола облысы СӨС қалыптастыру орталығынан шақырылған маман Кульбаева Айнұр Елебекқызымен сұхбат жүргізіліп, мамандарға түрлі сұрақтар қойылып, ұсыныстар білдірді. Алдағы уақытта берілген ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізіледі.