2017 жылдың 5-қаңтар күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында жоспарға сай «Кел, балалар ойнайық» атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Ойын-сабақ балалардың мектептегі қысқы демалыстар кезінде ұйымдастырылып өткізілді. Шара үйірме жетекшісі Бағдат Қабдығалымқызының алғы сөзімен басталды. Екі топқа бөлінген оқушылар, жүргізушілердің берген тапсырмаларын мұқият тыңдап, қоржын ішіндегі асықтар бойынша тапсырмаларды орындауға белсенділік танытты. Топтардың тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын, жылдамдықтарын байқап, сынап отырған әділ-қазылар алқасының құрамында: - Ногербековна Бота Махметовна - ата-ана болды. Бірнеше ойындар балалардың көңілін көтеріп, бір сергітіп тастады. Атап айтсақ: «Орындық ойыны», «Музыкалық қорапша», «Құрастыру», «Қолтырауын», «Адам бейнесі». Ойын аяғында балаларға сыйлықтар берілді. Әсіресе соңғы «Адам бейнесі» ойынында балалар тамаша қырағылық, тапқырлық, актерлік қасиеттерін көрсетті, мәселен: ұйқысы келіп тұрған адамды көрсету,байқаусызда кірпішті теуіп қалған адам, ауыр сөмкелер көтерген адам, қорқып тұрған адамды көрсету. Екі топтың да қатысушыларына қолдау көрсеткен демеушілер де өз тілектерін айтып отырды. Ойын-сауыққа белсене қатысқан топтарды бағалаған әділ-қазылар екі топты да жеңімпаз атандырды. Себебі қатысушылар бар өнерлерін, бар ынталарын салып, белсене қатысты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға мадақтамалар мен сыйлықтар таратылды. Көңілді өткен бағдарламаға балалар жетекшілерне рахметтерін айтып, үйлеріне жақсы көңіл күймен тарқасты.