23 ақпан күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы «Арман достар» тәлімгерлік шеберлік мектебінің тәрбиеленушілері №1 құрылыс-техникалық колледжінің 1 курс студенттері үшін «Өзін-өзі тану және тұлғаның дамуы» тұлғалық өсу тренингтік бағдарламасын өткізді. Бағдарламаның мақсаты: оқушының даралығын дамыту, өрлеу жолындақабілеттерін, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде тәлімгерлер флешмоб биледі, ойындар мен ережелерін түсіндірді. Екінші бөлімінде студенттер 5 шағын топтарға бөлініп, танысу ойындарын ойнады, тұлғалық әлеуетін ашу жаттығуларын орындады, содан кейін «Өзін-өзі дамыту - табыс кілті» жобасын әзірледі. Үшінші бөлімінде барлық топ мәжіліс залында жобаларды қорғады. Соңында тәлімгерлер студенттермен бірге флешмоб билеп, әсерлерімен бөлісті, естелік суретке түсті.