Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап – өмір ұстазы» пікірлесу алаңы

28.02.2018

Көкшетау қаласы  білім бөлімінің ынтасы бойынша, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен 2018 жылдың 17-ақпан күні  сағат 10.00-де  «Қоғамдық келісім» КММ-де  «Ең үздік буктрейлер» акциясын іске асыру  аясында  «Кітап-өмір ұстазы» пікірлесу алаңы  өткізілді. Пікірлесу алаңына қатысқандар: М.Жұмабаев атындағы АҚҒӘК қызметкерлері, жазушылар, актерлік  шеберлік және бұқаралық театралдық қойылымдардың  оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері, мектеп кітапханашылары, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары,тәлімгерлер мен Көкшетау қаласының білім беру  ұйымдарының оқушылары. «Дара жол» жобасын іске асыру шеңберіндегі «Саналы азамат» базалық бағытында  бірнеше іс-шаралар, соның  ішінде «Ең үздік буктрейлер» акциясы өтеді. Акция аясында 4 іс-шара өтеді - «Кітап-өмір ұстазы» пікірлесу алаңы, «Ең үздік буктрейлер» байқауы, Көкшетау қаласының білім ұйымдарында  бір уақытта кітап оқу сағаты, «Кітап оқу сәні» промо-акциясы. Пікірлесу алаңын ұйымдастыру және өткізу мектеп бағдарламасында бар классикалық әдебиет шығармалардың бейне-шолуларын дайындау бойынша білім мен білікке «Ең үздік буктрейлер» акциясына  әлеуетті қатысушылардың сұрауы мен оқушылардың танымдық қызығушылығын  қанағаттандыру қажеттілігіне негізделген. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды азаматтық – отаншылдыққа  тәрбиелеу мен  кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру бойынша  жұмыстарды белсендету, буктрейлерді жасауды талқылау, шығармашылық және кәсіби бәсекеге қабілеттілігі мен  жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде  белсенді өмірлік стратегиясымен әрбір тұлғаны өзін-өзі танытуына ықпал ететін жағдайлар жасау. Қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, буктрейлер жасаудың құпияларымен таныс болады. Іс-шара форматы  әр қатысушыны  тек көрермен ретінде ғана емес, қонақтармен бірге бір толқында болуға, қойған сұрақтарына нақты жауап алуға, тәжірбиемен бөлісуге шақырады. «Буктрейлер жасау үшін тек техникалық жағын ғана біліп қоймай,компьютерде бейне-редакторлармен тікелей жұмыс жасай білу, сонымен қатар актерлік шеберлік негіздері мен театралдық қойылымдар режиссура негіздерін білу керек. Сапалы буктрейлер жасау үшін көркем тілмен ойды білдірудің екі түрлі тоғысы – әдебиет және театр, режиссура және актерлік шеберлікті білу өте маңызды» - деп М.Жұмабаев атындағы АҚҒӘК кітапхана жұмысы бойынша директордың орынбасары Галина Савенкова өз ойын білдірді. Пікірлесу алаңыаясында Ақмола облысында туған аса көрнекті жазушылардың: Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» және Ілияс Есенберлиннің  «Алтын Орда» шығармаларына буктрейлерлер таныстырылатын болады. Буктрейлер - бұл қандайда көркем шығарма жайында айтылатын шағын бейнетүсірілім. Бұндай түсірілімдердің мақсаты - трейлерлердің сипаты кинофильмдерге жақын, көзбен көру арқылы кітаптарды таныстыру, насихаттау.

 

Просмотров: 751


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст