«Қайнар» балалар аулалық клубында «Отбасылық құндылықтар» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: оқушыларға отбасы туралы, бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне көмек беретін, қамқор болатын адамдар туралы түсінік беру;үйлесімді, тату отбасында өмір сүруге деген ынтаны ояту; балалардың санасына отбасы-бұл адамның ең қымбат, ең жақын нәрсе екенін жеткізу; оқушыларға «бақытты отбасы» ұғымын ашуға көмектесу. Іс-шара басында балалар «отбасы» сөзін әлемнің түрлі тілдерінде қалай айтылатытын білді, сондай-ақ өз отбасыларының ағашын салды. Кейін «Отбасылық әліппе» шағын викторинасы өткізілді.Келесі кезеңде балалар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты. Отбасындағы көмек туралы ойлау мен белгілі бір тұжырымдарға «Жеті қыз» әңгімесі себеп болды.Мейірімді және жылы сөздерді әрқашан жақындарыңа үнемі айтып жүру керек. Іс-шара соңында балалар ағашты бояп, «Отбасылық құндылықтар» ұғымына енетін барлық сөздерді жазып шықты.