Текст
«Қайнар» балалар аулалық клубында "Let's speak English" үйірмесінің тәрбиеленушілері педагогикалық еңбек ардагерлері туралы эссе жазды. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:аға буынға құрметпен қарауға тәрбиелеу; өз мұғалімдеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу; аға буын адамдарына мақтаныш сезімін және мұғалім мамандығына құрмет сезіміне тәрбиелеу; оқушыларды қоғамның жалпы адамгершілік құндылықтарына тарту. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өз мектептеріндегі еңбегі сіңген мұғалімдер туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар өздерінің ата-аналарының мұғалімдері туралы айтып берді.Әңгіме соңында балалар ағылшын тілінде мұғалім мамандығы туралы, сүйікті ұстаздары туралы эссе жазды.