Текст
27.08.2024 ж. «Әулет» МТЖО «Мирас» балалар аулалық клубында "Жас лингвист" үйірмесінде жазғы демалыс уақытында бекітілген жоспар бойынша "Менің елімнің негізгі заңы" атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салып, Ата Заңымыз жайлы өлең шумақтарын оқып, белсенділік танытты.