Текст
2018 жылдың 14-сәуір күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында кезекті «Жас педагогтар мектебі» отырысы болды.Қарастырылған сұрақтар:білім беру бағдарламасын іске асыруды талдау, алдағы оқу жылында бағдарламаға жаңартулар мен қосымшалар енгізу,педагог өзін-өзі дамыту жоспары,2017-2018 оқу жылына үйірме есебін құру бойынша ұсынымдар.Практикалық бөлімінде Лессон стади технологияларының элементтері қолданылып, денсаулықты сақтау технологиялары көрсетілді.Сонымен қатар қосымша білім беру сабақтарында Plickers және Qr бағдарламасын қолдану көрсетілді.Семинар соңында әр жас педагог болашақта үйірмелерді дамыту бойынша өз ойларымен бөлісті.