20-қараша күні «Әулет» МТЖО әдістемелік кабинеті «Жас педагог мектебі» семинарын өткізді. Әдістемелік кабинет меңгерушісі А.С.Михайлова «Әулет» МТЖО үйірмелері мен студияларында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша бірінші болып сөз сөйледі.Бұдан әрі орталықтың педагог-ұйымдастырушысы М.А.Можаева өз үйірмелерінде іс-шараларды ұйымдастыру және олардың әдістері туралы айтып берді. Содан кейін педагог Х.С.Куйшыбаева балаларды сабаққа тарту тәжірибесімен бөлісті.Семинардың бір сұрағы жоғары санатты педагог С.Ч.Уалиеваның курстан кейінгі есебі болды,онда ол өзінің алған тәжірибесі туралы айтып, орталықтың жас және жаңадан қабылданған педагогтарымен бөлісті.Соңында психолог С.Б.Бейсембаева педагогтарға түрлі психологиялық ұсыныстар берді.Семинар нәтижелі және танымды өтті.