Текст
«Қайнар» балалар аулалық клубында қосымша білім беру педагогы «Менің Тәуелсіз Қазақстаным атты» іс-шара өткізді.Мақсаты мен міндеті: оқушылардың бойында қазақстандық отаншылдықты, азаматтықты және төзімділікті,ұлттық келісімді қалыптастыру;оқушылардың Қазақстан тарихына танымдық қызығушылығын дамыту;оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру; үйірмелердің шығармашылық қиялын жандандыру.
Іс-шара басында педагог үйірме тәрбиеленушілерінің әрқайсысы үшін Отан нені білдіретіні туралы әңгіме өткізді.Талқылау барысында балалар Отан- бұл картадағы географиялық орналасу ғана емес,ең алдымен үй, отбасы, достар, таныстар және айналадағылардың барлығы деген қорытындыға келді.