«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының
«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК
оқу –тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары
бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты 150 513 мың теңгеден 183 031теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:Педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді. Білім беру үдерісінің сапа деңгейін және білім алушылардың білім беру дайындығының нәтижелерін бағалаудың объективтілігін, үйірмелер жұмысын бақылауды жүзеге асырады.Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің кестесін жасайды.Белгіленген есептік құжаттаманың (бухгалтерлік есептерден басқа) уақтылы жасалуын, тапсырылуын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады.Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.Оқу кабинеттерін қазіргі заманға жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, кітапхана қорын және әдістемелік кабинеттерді оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.
Педагогикалық кеңестерге дайындықты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады. Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегіжұмысты ұйымдастарады. Орталық директорымен бірлесе отырып, қызметкерлерді тарифтеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді. Озық тәжірибені жинақтайды және тарату бойынша шаралар қабылдайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін пракикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік жинақтарды әзірлеуге жәрдемдеседі.
Әдістемелікбірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады. Қатысуды есепке алу журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептілікті ұсынады. «Әулет» МТЖО педагогтарының жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді.Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау нәтижелерін талдайдығ оқу-әдістемелік, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін, жай-күйін жинақтайды. Оқытушылардың неғұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.
Санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары: «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.07.2003ж. № 568 бұйрығымен бекітілген «Ғылым туралы», «Тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы», «Балалардың сауықтыру ұйымдарын орналастыруға, күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде №2475 болып тіркелген, Педагогика және психология негіздері, «ҚР Еңбек Кодексі» және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын және оның ерекшеліктерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер, жасөспірімдер мен жасөспірімдер кезеңі психологиясының жас ерекшеліктері;психология, әлеуметтану және әртүрлі әлеуметтік саладағы жұмыс ерекшеліктері, негіздері;қысылтаяң жағдайларды анықтау әдістері;жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру әдістері; жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыру;педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау және еңбек нормалары, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелерін; санитарлық ережелер мен нормалады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары кәсіптік(педагогикалық) білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл
Конкурс «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына конкурстық тағайындау мемлекеттік ұйымдары басшыларының, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Конкурстық орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралықұжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ( біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола облысы , Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 46а.Анықтама телефоны: 29-25-79, cvraulet@mail.ru