Текст
2025 жылдың 23 сәуір күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында жұмысшылар жылына арналған «Еңбегімен ел таныған» табысты кәсіпкерлермен кездесу кеші өтті.
Аталған іс-шараға кәсіпкерлер:
- Саменова Алина Мадиевна- жеке кәсіпкер, тәжірбиелі маман, 41 еңбек өтілі бар шебер-тігінші;
- Кабиденова Дана Малгаздаровна- «KOKSHE LINGVO» білім беру орталығының жетекшісі, жеке кәсіпкер;
- Галиева Мира Григорьевна- кондитер, «Мадами» кулинарлық студиясының басшысы, жеке кәсіпкер қатысып,тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен, табысқа жетудің жолдары туралы ойларымен бөлісті.
Қосымша білім беру педагогтері мен орталық тәрбиеленушілері қонақтарға сұрақтарын қойып, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.