21.05.2021
Өрт кезінде дұрыс жүріс - тұрыс дағдыларына үйрету, оқушыларда өртпен байланысты төтенше жағдайларда өзін - өзі ұстау біліктері мен дағдыларын тәрбиелеу, өрт - қолданбалы спортты көпшілікке тарату, жас кадрларды өрт - құтқару бөлімшелерінде одан әрі жұмыс істеу үшін даярлау мақсатында 18 мамыр күні 2- МӨСБ базасында Көкшетау қаласы білім беру мекемелерінің жас құтқарушылар командаларының өрт-қолданбалы спорты бойынша жарыс өтті.
28 сәуірден 17 мамыр аралығында Көкшетау қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінде алдын ала жаттығу сабақтары өтті.
Қатысушылар 4 кезең бойынша жарысты: кедергілері бар эстафета (300 метр), өрт сөндірушінің жауынгерлік киім - кешегін кию, оқу мұнарасының екінші қабатының терезесіне орнатыллған шабуыл сатысымен көтерілу,команда капитандары үшін теориялық материалды білуге арналған тесттер.
Аталған жарысқа Көкшетау қаласының жалпы білім беру мектептерінен 14 мектеп қатысып, балалар дайындықтары бойынша жақсы нәтиже көрсетті.
Көкшетау қ. төтенше жағдай бойынша басқармасының басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі - Джаксылыков Асет Турсумбаевичке, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Тасов Нурлан Куандыковичке, Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі - Жармуханбентов Жандос Мырзалиновичке және оның командасына, «Жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалы колледж» мекемесінің директоры Тюлебаев Аскербек Жамантаевичке жарыс өткізуге көрсеткен көмектері үшін зор алғысымызды білдіреміз.