Текст
2025 жылғы 16 шілдеде "Әулет" МТЖО "Жұлдыз" балалар аула клубында «Бізді қоршаған дыбыстар» атты музыкалық соқпақ жолы өткізілді. Шараның мақсаты – өнерге деген қызығушылықты ояту, балаларды музыкалық, театрлық және бейнелеу өнеріндегі қарапайым ұғымдармен таныстыру, музыкалық көркем бейнелерді қабылдауға үйрету болды. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі дыбыстарды тыңдап, дыбыстардың музыкалық және музыкалық емес болып бөлінетінін білді. Сонымен қатар, «дыбыс музыкалық па, әлде жоқ па?» деген тақырыпта викторина ұйымдастырылып, мысалы, жаңбырдың сылдыры – музыкалық емес, ал бас гитараның үні – музыкалық екені анықталды. Шара өте қызықты және танымдық түрде өтті