Текст
27.08.2021
2021 жылдың 24 тамыз күні Красный яр ауылының кітапханасында «Сандар әлемінде» үйірмесінің жетекшісі Уалиева Сакеш Чарлизовна тәрбиеленушілермен кітапхананың конференц залында «Сенің өміріңдегі басты заң» тақырыптық сағатын өткізді. Аталған іс-шара мемлекетіміздің әнұранымен басталды.
Іс-шараның мақсаты: балалардың ҚР Конституциясының мәні мен мағынасын түсінуге қалыптастыру, құрметтеуге, отаншылдыққа тәрбиелеу, ой-өрістерін кеңейту. Балалар еліміздің өмірін, оның азаматтарының құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі заңдар жазылған мемлекеттің негізгі құжаты туралы білді. Кітапхана қызметкерлері «Конституция- елдің басты заңы» көрмесін безендіріп қойды.
Тақырыптық сағат азаматтық-патриоттық іс-шара ретінде өтті