БЕКІТЕМІН
«Әулет» МТЖО директоры
_________М. М. Әлжапарова
Отбасы күніне орай «Менің отбасым-бақытты сәттер»
қалалық бейнероликтер байқауының
ережесі
1.Жалпы ереже
1.1.Осы ереже «Менің отбасым-бақытты сәттер» қалалық бейнероликтер байқауын өткізу шарттары мен тәртібін, өткізу мерзімі мен жұмыстарға қойылатын негізгі талаптарды, жеңімпаздарды , марапаттау рәсімін айқындайды.
1.2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
-балалар мен ересектердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін оңтайлы жағдайлар жасау, отбасында адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
- отбасылық қарым-қатынастың оң тәжірибесін қалыптастыру, бірлескен шығармашылық қызметке ұмтылу;
- балалар мен ересектердің өзара түсінушілігіне, өзара көмекке, өзі және отбасы мүшелері үшін жауапкершілікке ықпал етеді;
-отбасына деген құндылықты, өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
2.Байқауды ұйымдастырып, өткізу.
2.1. Ұйымдастырушылар «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы
2.2. Қатысушылар жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен «Әулет» МТЖО клубтары мен үйірмелерінің, студияларының тәрбиеленушілері.
Қатысушылар жасы :6-11 жас аралығы.
2.3. Байқау 2021 жылдың 7 -12 қыркүйек күндері аралығында өтеді.
3.Жұмыстың мазмұны мен орындалуына қойылатын талаптар.
3.1. Қатысу үшін бейнероликті кез –келген тілде жазуға болады және отбасы мүшелері толық түсуі керек, бейне сапасы жақсы және көлденең түсірілуі керек. (3 минуттан артық емес, бейне файл пішімі AVI, MPEG-4)
3.2. Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
«Отбасылық демалыс», «Отбасылық шығармашылық» «Бақытты сәттер» , «Отбасы құндылықтары мен отбасылық дәстүрлер»
Қатысушыларды бейнежазбалары 2021 жылдың 10 қыркүйек күніне дейін marina.mozhaeva.89@mail.ru электронды поштасына жіберілсін.
3.3. Жұмысты бағалау: байқаудың мазмұны мен орындалуына қойылатын талаптарға жауап беретін жұмыстар қатысуға жіберіледі.
- көркемдік деңгейі;
-тақырыпқа сәйкестігі;
-өзіндік ерекшелігі;
-берілген тақырыпты ашудың ерекше тәсілі.
3.3. Қатысушылардың ең үздік жұмыстары «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының @aulet_2000 инстаграмм парақшасында жарияланады.
4.Байланыс ақпараттары.
4.1.Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 87054239870 «Әулет» МТЖО педагог-ұйымдастырушы- Можаева Марина Александровна.