Текст
"Әулет" МТЖО жанындағы «Қайнар» балалар аулалық клубында «Жаман әдеттер бос жүрістен болады» атты пікірталас өтті. Шараның мақсаты мен міндеттері: жақсы және жаман әдеттер туралы түсініктерін кеңейту; әрекеттерді көру, түсіну, талдау, бағалау қабілетін дамыту. Пікірталас барысында үйірме мүшелері құрдастарының бос уақытының проблемаларын, сондай -ақ заманауи гаджеттердің адамдардың денсаулығына әсерінің салдарын талқылады.
Іс - шара соңында балалар «Мамандықты бейнелеу» ойынына қатысты. Іс - шара көңілді және достық атмосферада өтті.