Текст
2021 жылдың 28 - қыркүйек күні Красный яр ауылында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аталар мен әжелердің арқасы» атты тақырыптық сағат өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік құндылығы мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды. Көкшетау қаласы мен Красный яр ауылының осы жылдардағы дамуы туралы үлкендердің әңгімелері қызықты әрі мазмұнды болды. Кітапхана меңгерушісі Әлия Бақытқызы балаларға керемет энциклопедиялар мен кітаптар ұсынды. Балалар қарттар күніне орай өлеңдер мен музыкалық нөмірлер дайындады.
Жауапты педагог: Сакеш Чарлизовна Уалиева, «Сандар әлемінде» үйірмесінің жетекшісі.