Текст
11.11.2021
2021 жылдың 1-қараша күні тәрбиеленушілердің күзгі демалыстарын пайдамен өткізу мақсатында, «Жас Лингвист» үйірмесінің тәрбиеленушілірі жетекшілері - А.Қ.Жанабергеновамен бірге Көкшетау қаласындағы тарихи мұражайға саяхаттап барды. Көкшетау қаласының тарихы мұражайы — республикалық маңызы бар мұражай. Ғимараты қаланың ескі бөлігі Қанай би көшесі, 32 үйде орналасқан. Құрылысына келсек, бір қабатты, қаусырмалы терезелерден тұратын, қоңыр үй.Мұражай қызметкері –Гүлмира Қарақайқызы оқушыларға қала тарихы туралы көп мағлұмат берді.