2022 жылдың 13 ақпан күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында ЖҚИ жасақтарының қатысушылары арасында балалардың жол - көлік жарақаттануының алдын алу және қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жол қозғалысы ережелерінің үздік білгірі» қалалық байқауы өткізілді.
Аталған байқауға Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің ЖҚИ жасақтарының мүшелері қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті: 1 тур «Кім жылдам?» деп аталып, қатысушылар берілген сұрақтарға жауап берді.
Екінші кезеңде 5 турдың тапсырмалары орындалды:
«Автомульти»,«Жол және көлік», «Бағдаршам жұмбақтары», «Жолаушылар, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер», «Жол белгілері».
Балалар байқау барысында жол қозғалысы ережелері, бағдаршам белгілері мен реттеуші бойынша білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынға ие болған - Ахметова Диана (Техникалық лицей), ІІ орын – Косманов Алихан (ШГ№11 МГ), ІІІ - орын - Шарова Виктория (№5 «Тандау» МГ).
Барлық қатысушылар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды. Байқау қатысушыларын құттықтаймыз!