2022 жылдың 12 ақпан күні «Қайнар» балалар аулалық клубында «Есімдерін ұмытпаймыз» тақырыбында танымдық бағдарлама өтті. 15 - ақпан - Отан шекарасынан тыс интернационалдық борышын өтеген жауынгерлерге арналған естелік күн. Бұл күн қазір интернационалдық жауынгерлерді еске алу күні ретінде белгілі. Іс - шараға Ауған соғысының ардагерлері: Кусаинов Жанатай Кожахметович және Магзумов Нурлан Нуралинович шақырылды. Қонақтар осы соғыс туралы жеке естеліктерін айтып берді, ал балалар сұрақтар қойып қана қоймай, шағын концерт дайындады. Іс - шара барысында біздің Көкшетау қаласының интернационалист жауынгерлерінің фотосуреттері бар деректі слайдтар көрсетілді.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімін және Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
ҚББП: Оспанова Б.К.