2019 жылы 1-ақпан күні "Әулет" МТЖО базасында Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының "Жасұлан" РББЖҰ қалалық штабының активі "Jastar jyly" жастар жылының ашылуын мерекелеу аясында жастар арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, есте сақтау және назар аудару, ұжымның ұйымшылдығы мен команда құру, жобалар жазу, танысу, музыкалық аспаптарда ойнау бойынша мастер –кластар мен тәжірибе алмасу бойынша семинар өткізді. 30-дан астам ұйым белсенділерімен тәлімгерлер қатысқан семинардың мақсаты әлеуметтік бастамалар, жеке мотивация, эмоциялық интеллект, сондай-ақ өз бизнесін құру саласындағы оқушылардың әлеуетін дамыту болып табылады. Бір күндік семинарға қатысушылар жаттықтырушылардан (білім беру ұйымдарыныңұланбасы) тренингтермен танысуға мүмкіндік алды.Бұл іс-шара балалар арасында тәжірибе алмасу және диалог үшін өзіндік алаң болды. Жаттықтырушылар "Жас Ұлан" ұйымы туралы кез келген көшбасшының қалыптасуында даму әдістерін қолданудың маңыздылығы туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шараны өткізу барысында балаларға осы іс-шараның маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл факт жастар идеяларын қолдау және оларды іске асыруға ықпал ету қажеттігін тағы да дәлелдейді.Себебі бүгінде жастар оң өзгерістерге басты қозғаушы күш болып табылады.