«Рухани Жаңғыру "бағдарламасын жүзеге асыру аясында наурыздың 5 - 31 күндері аралығында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Пластикалық бөтелкенің екінші өмірі» қалалық экологиялық байқауын өткізді.Мақсаты: өскелең ұрпақтың назарын экологияның қатты тұрмыстық қалдықтармен, атап айтқанда пластикалық бөтелкелермен ластану проблемаларына аудару және оқушыларды пластикті кәдеге жарату мәселесін практикалық шешуге тарту. Аталған байқауға 6 жалпы білім беретін мектептерден 37 оқушылар қатысты.Бағалаудың жалпы критерийлері: идеяның бірегейлігі; орындау сапасы; жұмыстың жалпы көркемдік әсері; орындау шеберлігі; жұмысты жасауда қайталама шикізатты пайдалану.Байқау қорытындысы бойынша келесі орынға ие болғандар:
- Гран-при иегері №14 ЖББМ оқушысы- Еренғали Тоқжан;
- 1 дәрежелі дипломға ие болғандар: Жұмажан Арман, Қалдай Арай, Саттыбай Дидар, Егембаева Кира, Антонова София;
- 2 дәрежелі дипломға ие болғандар: Шокубаев Ерсайн, Лоскутов Артур, Умиржан Әдемі, Алпысбай Адия;
- 3 дәрежелі дипломға ие болғандар: Өміржан Айзере, Боков Хамит, Орозбай Жанерке, Болатова Карина, Талғабай Айдана, Алтай Асан, Габдулина Аруна, Шаймерден Диар, Рахимжан Айя.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Әулет"мектептен тыс жұмыс орталығының дипломдарымен марапатталды.