Текст
2019 жыдың 24-сәуір күні «Мұрагер» балалар аулалық клубының тәрбиеленушілерімен №18ОМЛ-нің спорт алаңында «Достық күні, бірлік күні» ойын бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты балалар арасында түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық ұғымын қалыптастыру, тәрбиеленушілерді халықтар бірлігі күні мерекесімен, сондай – ақ елімізде тұратын халықтардың ойындарымен таныстыру. Әрбір халықтың көптеген ұлттық ойындары бар, олардың бір ерекшелігі күш пен төзімділікті тексеру болып табылады. Әр халықтың ойындарда өзіндік сипаты бар. Балалар "Ақ таяқша" - Тәджікстан халықтарының ойыны, "Статуя"- армян ойыны, "Орамал тартып ал"- Әзірбайжан ойыны, "Шпень"- Белорус ойыны және "Оксак-карга" -өзбек ойыны сияқты ойындар ойнады.