2022 жылғы 14 сәуір күні «Әулет» МТЖО-да құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, ішкі істер органдарына сенім арттыру, полиция қызметімен танысу, қауіпсіздік шараларын үйрету мақсатында, жарияланған Балалар жылы мен «Мен және менің полицейім» имидждік республикалық акциясы аясында Көкшетау қаласы мектептерінің ЖҚИ жасақтарының қатысушыларымен «Полиция қызметкері – дос және қорғаушы» тақырыптық сабағы өткізілді.
Іс-шараға қатысқан қонақтар: Көкшетау қ. полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Есентаев Ербол Ержанұлы;
Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ қызметкерлері әскери киімдерді көрсетіп, полиция қызметкерінің қиын мамандығы туралы әңгімеледі.
ЖҚИ қалалық жасағының координаторы Әлжапарова М.М. қатысушылармен ұқыптылыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған «Менің қауіпсіздігім» атты ойындар өткізді.
Сабақ соңында балалар полицияның патрульдік көлігін өз көздерімен көріп, жолда өзін-өзі ұстауды, заңға бағынуды, заңға бағынатын азамат болуды және ешқашан қауіпті жағдайларға түспеуді үйренді.