29 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Балалар жылы аясында Ұлы Отан соғысы ардагері, Халық ақыны Көкен Шәкеевті еске алуға арналған ХХ дәстүрлі тоғызқұмалақ жарысынын салатанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылуға Зайра Көкенқызы Шакеева мен жеңгесі Валентина Газизовна Шакеева құрметті қонағы ретінде келді.Аталған жарысқа алғаш рет ең кішкентай қатысушылар №12 ЖББМ 4 сынып оқушысы Көкен Шакеевтің шөбересі Шакеева Томирис пен «Әулет» МТЖО алты жасар тәрбиеленушісі Хамзина Айсана қатысады.
Бүгінгі жарысқа Көкшетау қаласының жалпы білім беру мектептері: № 2 МЛ, М.Ғабдуллин атындағы №3 МГ,№4 ЖББМ, №16ЖББМ, №17МГ, №19ЖББМ,№22 ЖББМ, Красный Яр ауылы № 1, 2, 3 мектептер, Болашақ сарайы, Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығынан жас спортшылар жарысқа қатысуда. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!