Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа оқу жылымен!

16.09.2019

15 қыркүйек «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубында жаңа оқу жылы басталды!

 Достық үйі   таңның ертесімен балалардың шаттық күлкісі мен көңілді әуенге толы болды.Солай болуы да мүмкін, себебі балалар жаз бойы бір-бірін көрмейді, сондықтан олар өздірінің жаздағы өткізген күндерін, көңіл-күйлерін бір-бірімен бөлісуге асық.Әр ұлттың балалары бір үйдің балаларындай тату-тәтті.

 Сап түзеуге  оқушылар,олардың ата-аналары, педагогтар жиналды.  Әр ұлттық амандасуы да барлығының көңіл-күйін көтере түсті: «Сәлеметсіздерме!», «Добрый день!», «Ди дика халд!», «Джень добры!», «Исәнмесез!».

Жаңа оқу жылының басталуы тілдер онкүндігімен қатар келді. Әр сабақ тақырыпқа сай өткізілді. «Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі- Бекетаева Мақпал Рахметоллақызы «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты ашық сабақ өткізсе, «орыс тілі» үйірмесінің жетекшісі- Абылхаева Жанна Ибрагимовна  «Страна, соединившая народы» тақырыбында  сабақ өткізіп, мемлекетімізде көпұлтты халықтар достықта өмір сүріп жатқанын атап өтті. Сол сияқты «инғұш тілі» үйірмесінің жетекшісі- Дударкиева Тамара Суламбековна, «чуваш тілі» үйірмесінің жетекшісі- Тарасова Елена Михайловна, «армян тілі» үйірмесінің жетекшісі- Дегоян Рузанна Вазгеновна өздерінің сабақтарында мемлекетіміздің байлығын, қонақжайлығын, достығын айтып, өз ұлттарының да салт-дәстүрлерін,  мәдениетін, тарихын,атақты ақындарын атап өтті.

 «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубындағы барлық балалар  әр жексенбі сайын Достық үйіне қуанышпен асыға келеді. Себебі клубта балаларды әрдайым   білікті  педагогтар мен жақсы достар  күтеді. Жаңа оқу жылы құтты болсын, балалар!

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст