6-қазан күні өзінің кәсіби мерекесін альтруистер деп атауға болатын адамдар атап өтеді:олар бірінші кезекте оқушылары туралы ойлайды.
Бұл күні Достық үйінде «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының тәрбиеленушілері өздерінің сүйікті мұғалімдерін құттықтады.
Жүргізушілер «Мектеп вальсі» әуенімен мерекелік іс-шараны бастады.Әр түрлі тілде өлеңдер, әндер шырқалды- әр үйірме өз бағдарламасын дайындады.
Педагогтар үшін әзіл-сықақ лотерея- болжаммен болжау және сертификаттар дайындалды.
«Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы- жексенбілік мектеп, сабақтар аптасына бір рет ғана өткізіледі, бұл күні педагогтар сүйікті оқушыларымен кездесіп, сырласып, ойларымен бөлісуге, әр біреуінің көзіне мейіріммен қарауға бір минут болсын уақыт табады. Рахмет Сіздерге, қымбатты ұстаздар! Мерекелеріңізбен!