«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК педагог-психолог бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты 113 101 мың теңгеден 161 817 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:білім алушылардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады. Әр түрлі бейіндегі және арналымдағы психологиялық диагностиканы жүргізеді. Педагогикалық ұжымды, ата-аналар мен балаларды тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму проблемаларына бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.
Тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын, тренингтік сабақтарды жоспарлауға және зірлеуге қатысады.Шығармашылық дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді,олардың дамуына ықпал етеді.Баланың дамуындағы психофизикалық ауытқу дәрежесін анықтайды, психопедагогикалық түзетуді жүргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы"Заңдарын., "ҚР Еңбек кодексі", Педагогика және психология негіздері.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе қайта даярлау туралы құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурс «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына конкурстық тағайындау мемлекеттік ұйымдары басшыларының, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Конкурстық орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралықұжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 46а. Анықтама телефоны: 29-25-79, cvraulet@mail.ru