Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорттық бағыт бойынша әдістемелік бөлім меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

09.09.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК  спорттық бағыт бойынша әдістемелік бөлім меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты 149 551  мың теңгеден 181 575 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері: педагогтердің оқу,ғылыми,әдістемелік қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.Педагогикалық ұжымның жұмысын қорытындылайды, тәрбие жұмысына педагогикалық талдау жүргізеді, оқу, тәрбие жұмысы бойынша, мәдени - бұқаралық тәрбиелік, спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша қажетті әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді;ғылыми-педагогикалық кадрлардың үздіксіз біліктілігін қамтамасыз етуге жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Әдістемелік бірлестіктердің қызметкерлеріне кеңес береді, олардың жұмысын үйлестіреді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға, семинарлар, конференциялар дайындауға және өткізуге қатысады.

Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.Озық педагогикалық тәжірибені жалпылауға ықпал етеді, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік жинақтарды әзірлеуге жәрдемдеседі.

Байқауларды, көрмелерді, жиындарды өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді. Баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен, девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысты ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырады және бақылайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары: «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.07.2003ж. № 568 бұйрығымен бекітілген «Ғылым туралы», «Тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы және балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы», «Балалардың сауықтыру ұйымдарын орналастыруға, күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде №2475 болып тіркелген, Педагогика және психология негіздері, «ҚР Еңбек Кодексі» және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын және оның ерекшеліктерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер, жасөспірімдер мен жасөспірімдер кезеңі психологиясының жас ерекшеліктері;психология, әлеуметтану және әртүрлі әлеуметтік саладағы жұмыс ерекшеліктері, негіздері;қысылтаяң жағдайларды анықтау әдістері;жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру әдістері; жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыру;педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау және еңбек  нормалары, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау  ережелерін; санитарлық ережелер мен нормалады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары кәсіптік(педагогикалық) білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл

         Конкурс «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және мемлекеттік білім беру ұйымдары  басшыларының лауазымына конкурстық тағайындау мемлекеттік ұйымдары басшыларының, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Конкурстық орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

        1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

        2) жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

        3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса);

    4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі  туралықұжаттардың көшірмелері;

        5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

        6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама;

         7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

          8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

         10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу  туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ( біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

020000. Ақмола облысы , Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 46а.Анықтама телефоны: 29-25-79,  cvraulet@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст