Текст
22.02.23 жылы «Балдәурен» балалар аулалық клубында Алғыс айту күніне арналған «Алғыс – бұл...» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында балалар мерекенің тарихымен танысып, «Алғыс» сөзінен жаңа сөздер құрастырып, әр сөздің мағынасын талқылай отырып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Сыпайы – әдепсіз» ойынында зейінділіктерін көрсетті. Шара соңында оқушылар туған жерге, президентке, ата-анасына, мектебіне, достарына «рахмет» айтуларымен бөлісетін рефлексия өтті. Үйірме оқушылары жарыстарға ықыласпен қатысты. Көңілді және қуанышты атмосфера болды.