Әрбір әдебиетте оның тарихында алтын әріптермен жазылған есімдер бар.Инғұш көркем әдебиетінде - Идрис Муртузович Базоркин есімі. И. М. Базоркин - инғұш кеңес жазушысы,ақын және драматург, саяси қайраткер.
Оқушылардың оқылатын тілдің ақындары мен жазушылары туралы білімдерін кеңейту, отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, өз тамырын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубындағы «Инғұш тілі» үйірмесінің жетекшісі Дударкиева Тамара Суланбековна оқушылармен ашық сабақ өткізді.Балалар Ұлы инғұш жазушысының шығармашылығымен, өмірбаянымен, "Ғасырлар тұңғиығы" роман-эпопеясымен танысты.Жазушы романда сол кездегі инғұштардың қиын өмірін бейнелейді. Ол өз романындағы кейіпкерлердің тағдыры арқылы Инғұш елінің тарихын толық ашады. Инғұштардың өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері үлкен шеберлікпен сипатталған. Роман әр отбасының үстел кітабы ғана емес,ұлттық жәдігері болды.