Текст
«Балдәурен» балалар аула клубында «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара басында Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беріліп, балалар мерекеге арналған тақпақтар оқыды. Одан әрі ойын бағдарламасына ұласты, оның барысында балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ою-өрнектерді ойып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады: "Орамал тастау", "Теңге алу", "Көтермек", "Киіз үй" және т.б. Іс-шара қазақтың халық дәстүрі «Шашумен» аяқталды. Барлық оқушылар белсене қатысты. Клубта мерекелік және қуанышты атмосфера болды.