Текст
«Әулет» МТЖО «Қайнар» балалар аула клубының "Күмбірлі домбыра" мен "Жас гитарист" үйірме мүшелері балалар кітапханасында
"Бала деп соққан жүрегі...." атты библиокеруенге қатысты. Балалардың досы, шынайы жанашырына айналған "Балдырған" журналының 65 жыл толуына орай өткізілген іс-шарада балалар күй шертіп, ән шырқады.