Текст
11-15 қыркүйек аралығында Сандықтау ауданы Балкашино ауылында Халықаралық туризм күніне арналған туристердің облыстық слеті өтті. Жарысқа «Әулет» МТЖО «Пешеходный туризм» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты. "Бивуак" сайысында біздің команда 1 орынға ие болды. "Түйін байлау " сайысында – 1 орын, "Бардтар" сайысында – 3 орын, туристік кедергілер кезеңінде команда 1 орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша «Әулет» командасы 1 орынды иеленді. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілейміз!