Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні қарсаңында «Жұлдыз» балалар аулалық клубының тәрбиеленушілері Ауған соғысының ардагері: Хайруллин Берик Бектемировичпен кездесті. Берік Бектемирович Щучье ауданы Мәдениет ауылының тумасы, он жылдық мектепті бітірген, 18 жастағы жігіт әскер қатарына шақырылды. Тәрбиеленушілер ардагердің бастан кешкен оқиғаларын мұқият тыңдап, сұрақтарын қойды. Мереке құрметіне орай мейманға және іс-шараға қатысушыларға «Домбыра әуені» үйірмесінің тәрбиеленушілері үйірме жетекшісі Жадыгерұлы Жасқайраттың жетекшілігімен «Көлденен» және «Келіншек» күйлерін орындап берді, сонымен қатар Отан туралы өлең оқылып, ардагерге сыйлықтарын тарту етті. Тәрбиеленушілер ардагерге шын жүректен тілектерін білдірсе, ардагер атынан үлкен алғыс айтылды.