Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанынан бастап 29 жыл тарих тұңғиығына кетеді. Өмір мен өлімнің арасында арпалысқан жауынгерлердің ерліктері мен қайғылары өмір бойы есте қалады. Осы соғыстың ұлы оқиғалары адамдардың естерінде сақталып қана қойған жоқ,ақындарлың өлең жолдарында, музыка әуенінде, ескерткіштерде де сақталған. Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында жауынгер-интернационалистер мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ауғанстан: 29 жыл өткен соң» диалогтық алаң өткізілді. Шақырылған құрметті қонақтар: Ауған соғысының ардагерлері: Хайруллин Берик Бектемирович және Чурсин Александр Михайлович. Осы жылы, игілікті кездесу барысында балалар біздің қонақтардың өмір оқиғаларынақызығушылық танытты. Берік Бектемирович Щучье ауданы Мәдениет ауылының тумасы,он жылдық мектепті бітірген, 18 жастағы жігіт әскер қатарына шақырылды. Чурсин Александр Михайлович - Алматы қаласының тумасы. Александр Михайлович Ауғанстандағы соғыс жылдарынашық және айқын айтып берді. «Арман достар» тәлімгерлік шеберлік мектебінің тәрбиеленушісі - Креницкая Ангелина «Война» әнін орындап берді. Ерлік-елдің туы. Ер қуаты - қару болса, ел - қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайдажүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.