Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Саналы азамат» базалық бағытының «Дара жол» жобасын жүзеге асыру аясындағы «Тіл парасаты» іскерлік ойыны

12.01.2018

«Дара жол» жобасының мақсатыбілім беру жүйесіндегі, кәсіби қатынас жүйесіндегі,іс-жүргізу жүйесіндегі қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуін іскерлік ойын барысында қолдану, балалардың қысқы мектеп демалыстарын тиімді  ұйымдастыру. Оқушылардың қысқы мектеп демалыстары кезінде 4-6 – қаңтар күндері аралығында 5 кезеңнен тұратын «Тіл парасаты» іскерлік ойыны Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарында өткізілді. Мәселен: № 13ЭМГ негізінде  (№ 13 ЭМГ,  № 11ОМГ,  № 18ОМЛ, № 3МГ,  № 4ОМ);  № 5КГнегізінде  (№ 5 КГ, № 6ОМЛ, № 21 ОМ, № 17ОМГ,  № 19ОМ; №16 негізінде  (№ 16ОМ, № 7ОМ, № 14ОМ,  № 22ЖББМ, № 12ОМ); № 2КОМ негізінде ( № 2КОМ, № 3КОМГ,  № 1КОМ, № 15ЖББМ)  № 2ОМЛ негізінде ( № 2ОМЛ,  № 1ОМГ, ГТЛ-м,  № 10 ОМ, № 8 ОМ). Ойын барысында барлық ойын кезеңдері мемлекеттік тіл-қазақ тілінде  латын графикасын қолданумен өткізілді. Ойын басында  барлық қатысушылар жаңа әліпбиді іскерлік ойында  қолдану үлгісімен таныс болды.Аталған іскерлік ойынның әділ-қазылар мүшелері: Жумакенов  Марат Кайкенович – кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Каженов Сакен Ғабитұлы – Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің оқытушысы, Тажмиева Айжан Аликуловна – Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, Абишева Мариям Сериковна – «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымы, Есекеева Мансия Мухтаровна –– «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымының орынбасары, Кадралин Олжас Даулетбекович – кәсіпкер, «Кадралин» жеке кәсіпкер директоры, «Алдар көсе» кафесінің иесі. Ойынға қатысып болған соң әр  білім беру ұйымы 2018 жылдың 26-қаңтар күніне дейін «Латын графикасын қазақ тілінде қолдану» тақырыбында  мазмұнды  кітапша дайындап алып келеді. Ойынды  өткізу және тікелей басшылық  «Әулет» орталығының әдістемелік бөлімімен және «Арман Достар» педагогикалық жасағымен жүзеге асты. Ойын қорытындысы бойынша аталған іскерлік ойынға  Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарынан барлығы 700 бала қатысты.

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст