2017 жылдың 29-қараша күні №12 орта мектебінің мәжіліс залында қосымша білім беру күні мен ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының есептік концерті өткізілді. Залда құрметті қонақтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, қалалық мәслихат депутаты Р.С.Калишев пен ата-аналар отырды. «Основы моделирования», «Веселая палитра», «Юный конструктор», «Вдохновение», «Резьба по дереву», «Кройки и шитья» үйірмелерінің көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Концерт басында Орталықтың шығармашылық әрекеті туралы «Табыстылардың орталығы» атты кино көрсетілді. «Үкілі домбыра» ансамблінің тәрбиеленушілері жетекшілері Б.Өтеулімен бірге «Ата толғау», «Көкшетау» халық күйлерін орындап берді. «Сезім» би ұжымы қазақ ,өзбек билерін орындап берсе /жетекшісі: Кожабаева Дина Балташевна/Тумасян Артурдың билеген биі де үлкен әсер қалдырды. «Меломан» вокалдық ән айту үйірмесінің тәрбиеленушілері «Учат в школе» әнін орындап берді. «Путь к славе» театралдық студиясының тәрбиеленушілері В.Высоцкийдің «Маски» шығармасы бойынша «Лицемерие» үзіндісін жақсы деңгейде орындап шықты. «Основы моделирования» үйірмесінің тәрбиеленушілері «Лапти» әнін әсерлі орындап шықты. «Көңілді ноталар» үйірмесінің тәрбиеленушісі Қаржас Манас / жетекшісі: Г.Е.Садыкова/ «Ана жүрегі» әнін жоғары деңгейде орындап берді. «Legasyshow» үйірмесінің тәрбиеленушілірі /жетекшісі: А.А.Мубараков/ заманауи биді нақышына келтіріп билеп берді. «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының тәрбиеленушілері әр ұлттың тілінде өлеңдер оқып берді. «Внимательный пешеход» үйірмесінің тәрбиеленушілері /жетекшісі: М.М.Әлжапарова/ жас жол қозғалысы білгіштерінің үгіт бригадасымен дайындаған қызықты да танымдық қойылымдары барлығы үшін пайдалы болды. «Көшбасшылар академиясы» клубының көшбасшылары /жетекшісі: А.Сулейменова/ мен «Арман Достар» педагогикалық жасақтарының /жетекшісі: А.С.Михайлова/, «Жайдарман» клубы /жетекшісі: А.О.Ермахан/ қатысушыларының таныстыру кезеңдері жақсы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара соңында педагогикалық еңбек ардагері- Темирбаева Куляш Хаджановна «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымын мерекемен құттықтап, тамаша концертті ұйымдастырып, өткізген қосымша білім беру педагогтарына алғысын білдірді.