2017 жылдың 27-қараша күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Нұрсұлтан нұры-2017» байқауы өткізілді. «Нұрсұлтан нұры-2017» байқауы «Жас Ұлан» РББЖҰ көшбасшыларының арасындағы дәстүрлі шара. Байқауға Көкшетау қаласы білім беру мекемелерінің «Жас Ұлан» РББЖҰ көшбасшыларынан 17 команда қатысуға өтінім тапсырды. Әр командада 13-16 жас аралығында 4 қатысушы қатысты. Байқау 4 турдан өткізілді. 1 тур «Таныстыру», 2 тур «Блиц сұрақ», 3 тур «Капитандар байқауы», 4 тур «Жағдаяттарды шешу». Әділ-қазылар құрамында: Ақмола облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ төрағасы, «Әулет» МТЖО әдіскері – Халелова Гүлнар Хафизовна, Жаксыбаев Бауыржан Серикович – бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Хафиз Аян Бауыржанович – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан »ЖҚ қалалық бөлімінің жетекшісі. Байқау қорытындысы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының «Жас Ұлан» ББЖҰ көшбасшылары, «Рухани жаңғырғандар» командасы бірінші орынға ие болды, екінші орынға №12 орта мектебінің «Жалынды Ұрпақ» командасы ие болды. Үшінші орынға №16 орта мектебінің «Сұңқар» командасы ие болды.