Текст
«Мұрагер» БАК-да ЖҚТБ – мен күрес күніне арналған бірнеше іс-шаралар қатары өткізілді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау және клуб тәрбиеленушілерін ЖҚТБмен күрес мәселелерінің алдын алуға үйрету. 14-қараша күні «Мұрагер» БАК-да «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз» атты суреттер байқауы өтті. Аталған байқауға «Рукоделие» және «Шабыт» үйірмелерінің тәрбиеленушілері қатысты. 16-қараша күні «Юный гитарист» үйірмесінің тәрбиеленушілері акция өткізіп, жаяу жүргіншілерге бүктемелер таратты. 18-қараша күні «Біз бәріміз бірге жеңеміз!» атты жалпы іс-шара өтті. Аталған шараға клубтың барлық тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысты. Іс-шара флешмобпен аяқталды.