2017 жылдың 11 қараша жұлдызында Ақмола облыстық филармония концерт залында, дәстүрге айналған маусымашар фестивалі өтті. Мектеп жайдарманшылар арасындағы ойын бәсекеге толы болды. Көкшетау мектеп командалары сәтті өнер көосетіп, келесі кезеңге өтті. Олардың ішінде:
1) «Нұрлы жол» - №1 орта мектеп-гимназия;
2) «Қазақпыз ғой» - М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы;
3) «Бүлдірген» - № 4 орта мектебі;
4) «Көкше-жар» - № 10 орта мектебі;
5) «12 аялдама» - № 12 орта мектебі;
6) «Бір үйдің балалары» - № 14 орта мектебі;
7) «Қазақша стиль» - Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп – лицейі;
8) «Жastar» - № 19 орта мектебі;
9) «Гламурлы қазақтар» - № 21 орта мектебі;
10) «Ювикей» - № 22 жалпы білім беретін негізгі мектебі.
Жоғарыда аталған командалар осы маусымда өнер көрсетеді. Ойынның шымылдығын № 12 орта мектеп құрамасы ашып берді. Қазылардың шешімі бойынша № 21 орта мектеп құрамасы «Гламурлы қазақтар» маусымашар фестивалінің кубогін иеленді. Бұл әлі бастамасы. Әрі қарай «бақ шаба ма, жоқ бап шаба ма» оны әлі көре жатармыз. Командаларға сәттілік!!!