Текст
6-қазан күні балалар үшін қызықты да жағымды сағат өткізілді. Сабаққа қатысқан әжелер аталған іс-шараның басты кейіпкері болды. Адам баласының жасы ұлғайғанын бетіндегі әжімі мен самайындағы ақ шашынан білуге болады. Бірақ жүректері қартаймайды: рухани іштей бәріміз жаспыз, мықтымыз, күштіміз. Осылай өткен жылдарымызды бағалаймыз! Балалар үлкен кісілермен әңгімелесе отыра өз бойларына күш-қуат алып, жақсы әсерде болды. Тәттілермен ішкен шай басында, балалар өз сұрақтарын қойып, жағымды жауаптар алды. Іс-шара пайдалы да, әсерлі өтті.