Текст
Біз қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, күн сайын таныс емес адамдарды кездестіреміз. Топтың арасында бірін байқасақ, бірін байқамаймыз. Әр адамның мінезі әр түрлі, егіздердің өзі мінездері бойынша ерекшеленеді. Сонымен қатар әр адамның өзінің мақсаты, өз қызығушылығы мен тілегі болады. 2017 жылдың 4-қазан күні «Жұлдыз» БАК-да «Біз әртүрлі болсақ та, күшіміз бірге» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Мақсаты: ұлтаралық келісім жағдайын нығайту, ұлтаралық төзімділікті күшейту. Балалар сабаққа белсене қатыса отыра, түрлі сұрақтарға үш тілде жауап беріп, өз білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді.